Шымкентте Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті кездесуге жеңіл өнеркәсіп өкілдері қатысты. Жиында жаңа заң жобасының мазмұны кеңінен талқыланып, оның негізгі басымдықтары түсіндірілді.
А.С. Пушкин атындағы қалалық кітапхана қызметкері Сүндет Сейітов жаңа Конституцияда адам құқығы басты құндылық ретінде айқындалғанын айтты. Оның пікірінше, енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекет пен қоғамның дамуына бағытталған.
СҮНДЕТ СЕЙІТОВ, А.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Жаңадан қабылданып жатқан Ата Заңымыздың болашақта біздің қоғамға, біздің елге беретін пайдасы да мол деп айтсақ болады. Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек демекші, бұл заңның бұрынғы заңнан әлдеқайда айырмашылықтары бар. Оның ішінде азаматтардың жеке бас бостандығы, оның қауіпсіздігі мәселелері айтылған»
Айта кетсек, Жаңа Конституция жобасында елеулі өзгерістер бар — қолданыстағы мәтіннің 84 пайызы жаңартылған. Құжат Преамбуладан бөлек 11 бөлім мен 95 бапты қамтиды. 15 наурызда өтетін референдумда ел азаматтары ұсынылған өзгерістерді қолдау немесе қолдамау жөнінде шешім қабылдайды.
Лаура Бабас






