Шымкентте 15 қаңтар күні газ жарылысы болып, бір отбасының үш адамы зардап шекті. Дене күйігін алған олар ауруханаға жеткізілген. Алайда алған жарақаттарының салдарынан 30 жастағы ер адам емханада көз жұмды. Оқиға ынтымақ шағын ауданында болған. Кешкі уақытта баласына медициналық банка қою кезінде сіріңке жағылып, соның салдарынан үй ішінде жиналған газ тұтанып, жарылыс болған.
ДИНАРА ТҰРҒЫНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Алты жарым шамасында еді. Жарылыс байқадық. Сонымен жүгіріп кірдік, ртеніп жатқан. Анасы мен баласы, келіні бәрі күйіп қалған. Баласы сумен өшіріп жатты отты үйдің ішіне угар толып қалған. Беліне банка қоймақшы болған. Банканы зажигалкамен жаққан кезде атып жіберген болды»
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы да осындай үш оқиға тіркелген. Газ жарылыстарынан үш адам зардап шеккенімен, қаза тапқандар болмаған. Мамандар тұрғындарды үйдегі газ құрылғыларына аса сақтықпен қарауға кеңес береді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ГАЗ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
«Абай ауданы Ынтымақ шағын ауданында газ дүмпілі орын алды. Табиғи газдың ағуы (утечка) болып, үйдің ішіне газ жиналған. Кешкі уақытта баласының арқасына медициналық банка қою мақсатында сіріңке жағып, салдарынан газ дүмпілі (хлапок газ) орын алған»
Лаура Бабас






