Ресми деректерге қарағанда, өткен жылы Қазақстанда сталкинг бабымен бірде-бір қылмыстық іс тіркелмеген. Ал «Некеге мәжбүрлеу» бабымен істер қаралған. Жалпы адамды аңду, қорқытып-үркіту, қысым жасау және еркінен тыс қыз алып қашу – қылмыс. Дегенмен, мұндай деректер тоқтамай тұр. Сталкинг дегеніміз не, қыз алып қашудың жазасы қандай?
Дәл қазір қоғамда қыз алып қашу, некеге мәжбүрлеу, сталкинг мәселесі қызу талқыға салынып жатыр. Бұған заңмен тыйым салынса да, түрлі сылтаумен қылмысқа баратындар кездеседі. Бұл қандай қылмыс, оның жазасы қандай? Бұл туралы бүгін Түркістандағы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Облыстық полиция департаментінің аға инспекторы Әйгерім Жарқынбектің айтуынша, сталкинг ұғымы Қылмыстық кодекске 2025 жылы енген. Сталкинг дегеніміз не? Оның белгілері қандай?
Сталкингтің жазасы қандай? Бұл үшін Қылмыстық кодексте 3 түрлі жаза белгіленген. 200 айлық есептік көрсеткіште, яғни 865 мың теңге айыппұл салынады. Немесе 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Ең ауыры 50 күндік түрме жазасы. Қыз алып қашу да – қылмыс, адам бостандығына қарсы ауыр құқықбұзушылық. Әйгерім Жарқынбектің сөзінше, қызды ертінен тыс, күш қолданып, қорқытып-үркітіп, алдап алып кету қылмысқа жатқызылған. Бұл үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қыз алып қашу әрекетіне қатысқан туыстар да жауапқа тартылады дейді мамандар. Бас прокуратураның статистикалық мәліметтеріне қарағанда, 2025 жылы Түркістан облысында, жалпы Қазақстанда сталкинг бабымен іс тіркелмеген. Ал «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабымен 5 іс тіркелген.
Дилара Иса




