Úı ANONS Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Көрнекі фото: wallpapers.99px.ru

 

Түркістан облысында нағыз алып сәби дүниеге келді. Ордабасы аудандық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында салмағы 6015 грамм, бойы 63 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ерекше оқиға туралы қысқаша хабарлады. Медициналық кеңес нәрестені кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдаған. Операция сәтті өтті. Қазіргі уақытта ананың да, жаңа туған нәрестенің де жағдайы жақсы және олар дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер мұндай күшті нәрестенің дүниеге келуі сирек кездесетін  оқиға екенін атап өтті.