Соңғы жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 2 есеге өскен. Осы себепті мамандар дабыл қағып, көрсеткіш биыл да қайталанбауы үшін алдын алуға кірісуде. Соның» бірі қалада алғаш ұйымдастырып отырған сотталушылар мен жастар арасындағы телекөпір.
«Мен ұрлық жасадым. Аз уақыттық ләззат үшін өз өмірімді отқа жақтым
Өзімді батыр санап жүріп, өзімнің өмірімді қиратқаныма өкінемін».
«Бұл – темір тордың артындағы шалыс басқан қадамы үшін еркіндігін тұсаулаған адамдардың өкініші. Әттеген-ай тұсы қадамын аңдамай басқан жасөспірімдердің саны соңғы жылда 2 есеге өскен. Олардың тағдыры да сан қилы. Мәселен 17 жасында 7 жылға сотталған азамат анасының емі үшін болса да қылмысқа барғанына, өмірінің ең маңызды бөлігінде қапаста отырғанына күйінеді.
«Қасымдағы жолдас балам ақша жинаудың жолын көрсетті. Әр үйлерге ұрлыққа түстік. Әр түрлі заттар алдық. Сөйтіп оларды жинап дәріге жететіндей ақша шығарамыз деп ойладық қой. Сіздерге айтарым қылмыс жасамаңыздар. Ол үлкен күнәға алып келеді. Қылмыс түбі, ұрлық түбі қорлық дейді ғой».
Тиісті мамандар жастар арасындағы қылмыстың өршуіне оларды оңай олжаға кенелемін деп ойланбай әрекет етуі себеп екен. Алайда, «жеңіл ақшаның» артында ауыр жаза тұрғанын көбісі сезіне бермейді. Мәселен, соңғы уақытта интернет-алаяқтардың «қолшоқпарына» айналған дропперлердің басым бөлігі — студенттер мен мектеп оқушылары.
СЕРІК ҚОЖАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ПРОКРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: «Қылмыс жиі жасалатын қылмыстың түрлері бұл есірткі тасымалдау, есірткі қылмысы және де бұзақылық, ұрлық. Дропер жұмысы бар. Интернет алаяқтық».
Жас буынның арасындағын қылмыстық ахуалдың өршіп тұруы ел болашағына қатер төндірмек. Сондықтан қалалық прократура 300-ден аса студенттер мен оқушыларды телекөпір арқылы сотталушылармен тілдестірді. Алғаш рет ұйымдастырылған бұл шарада олар айыбын өтеушілерге сауалдарын қойып, бір сәттік қателіктің бүкіл өмірді қалай тас-талқан ететінін ұқты
ГҮЛАЙЫМ ТОЛЫБАЙ, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: «Қазір енді көрсетіп жатыр ғой сұқбатта түрменің іші қандай екенін, бізге абайлаңдар сақ болыңдар деп көрсетіп жатқаннан кейін өте қорқынышты нәрсе. Оның үстіне оны мен істеймін, мынандай жерге барамын деп жасаған жоқ. Ол кішкентай нәрсенің өзі осындай үлкен қатерлі өмірге қиылып кеткен».
Жастар — елдің болашағы. Ал сол болашақтың жарқын болуы бүгінгі дұрыс таңдау мен заңға деген құрметтен басталады. Бір сәттік желік пен аңдаусыз қадамның бүкіл тағдырды тас-талқан етуіне жол бермеу — ортақ міндет
Ботакөз Әнуар






