Úı ANONS Шымкент: «DamDastour» гастрономиялық фестивалі өтеді

Шымкент: «DamDastour» гастрономиялық фестивалі өтеді

фото ШӨКҚ
Мегаполисте 21 наурыз күні «DamDastour» гастрономиялық фестивалі өтеді. Халықаралық іс-шара Әз-Наурыз мерекесінің он күндігі аясында ұйымдастырылмақ. Фестиваль аясында отандық және шетелдік аспаздар өздерінің ерекше рецептері мен шеберліктерін көрсетіп, бірқатар номинация бойынша өзара үздіктерді анықтайды:
• Ең дәмді кәуап;
• Ең дәмді палау;
• Ең дәмді самса;
• Ең дәмді ұлттық тағам.
Фестиваль тек тағамдармен шектелмей, қонақтар назарына мерекелік атмосфераға толы ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады:
• Street style және K-pop бағыттары бойынша Dance Battle;
• Домбрашылар өнері;
• Батырлар шоуы;
• Цирк әртістерінің қойылымдары;
• Мотобайкерлер шеруі (Moto Show);
• Спорттық автокөліктер көрмесі;
• Қолөнершілер жәрмеңкесі.
Уақыты: 21 наурыз, сағат 12:00-де. Өтетін орны: Әл-Фараби алаңы.