Шымкентте радиожиілік спектрін басқару бойынша халықаралық жиын өтті. Мұндағы мақсат — Қазақстан байланыс саласын дамыту және халықаралық әріптестікті нығайту, сондай-ақ, өңірлік және жаһандық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізу.
Бұл кездесулер заманауи телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және радиожиілік ресурстарын тиімді басқару мәселелерін талқылауға арналды. Яғни, жиынға қатысушылар, радиожиілік спектрін басқару және спутниктік байланыс мәселелерін тілге тиек етті.
ДАМИР СЕЙСЕМБЕКОВ, ҚР ЖИЦДМ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Байланыс саласындағы өңірлік достастық комиссиясы қатысушы елдер үшін стратегиялық мәнге ие. Бұл алаңда келісілген ұстанымдар қалыптасып, радиожиілік ресурсын тиімді пайдалану үшін нақты негіз қаланады. Қазақстан байланыс саласын жүйелі түрде дамытып келеді: 5G енгізу, ауылдық аумақтарды қамту және спутниктік инфрақұрылымды дамыту біздің негізгі басымдықтарымыз»
Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, жаңа технологияларды енгізу және байланыс инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері де күн тәртібінде болды. Мұндай кездесулер Қазақстанның телекоммуникация саласындағы әлеуетін арттырып қана қоймай, елдің халықаралық аренадағы беделін күшейтуге, сондай-ақ цифрлық экономиканы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Айта кетейік, мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, радиожиіліктерді бөлу саласында елдердің мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік береді дейді мамандар.
Нұргүл Жолымбетова






