Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6-8 наурыз аралығында гүлдер жәрмеңкесі өтеді. Мерекелік іс-шарада қаа тұрғындары мен қонақтары түрлі-түсті, хош иісті гүлдер мен ерекше безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің әсем лебін сезіне алады.
Жәрмеңке аясында мерекелік көңіл-күй, сәнді безендірілген сауда алаңы және алуан түрлі гүл өнімдері ұсынылады. Жақындарыңызға, аяулы жандарыңызға гүл сыйлап, шаттық пен жылулық сыйлауға тамаша мүмкіндік бар.







