Úı ANONS Шымкентте спорт саласына 21 млрд. теңге бөлінді

Шымкентте спорт саласына 21 млрд. теңге бөлінді

Биыл қала спорт саласын ілгерілету үшін жергілікті бюджеттен 21,8 млрд теңге бөлді. Қаржының бір бөлігі, нақтырақ айтқанда, 319 млн. теңгесі бұқаралық спортты қолдауға жұмсалады. Жауапты мамандар осы қаражатқа жыл соңына дейін 54 бұқаралық шара ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл бастамалар қалалықтар арасында салауатты өмір салтын орнықтырып, спортпен тұрақты шұғылданатындардың қарасын көбейтпек

Шымкентте халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды қолдаудың нақты жүйесі қалыптасқан. Басқарма өкілінің мәлімдеуінше, әлемдік додаларда топ жарған саңлақтар ай сайын 250-300 мың теңге стипендия алады. Ал Азия біріншіліктерінде жеңіс тұғырынан көрінгендердің сыйақысы бұдан да жоғары – ай сайынғы төлемақы 400 мың теңгеге дейін жетеді

ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Шымкент қаласында 300 — ден астам спортшы степендия алады.  Енді ол бір спортшымыз мынандай деп айту қиын. АЕК белгіленген. Ең кіші 25 АЕК. Чемпионат Қазақстанды ұтқан адамдарға. Ол, 25 АЕК, жастар бар, ересектер бар. Оларға 60 АЕК жоғары болады. Жалпы әлемдік деңгейде  Азия ойындары мен чемпионаттарын жеңгендердер 100 — ден асатын АЕК».

Мамандардың айтуынша, мұндай қолдау спортшыларды жігерлендіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауға септігін тигізеді. Нәтижесі де жоғары. Жыл басынан бері шымкенттік саңлақтар республикалық және халықаралық додаларда 221 жүлдені қанжығасына байлады. Бұл  өңірдегі спорттың алға жылжуы мен спортшылард дайындығының айқын айғағы. Сонымен қатар жаттығу залдары мен спорт нысандарын жаңарту жұмыстары да назардан тыс қалған емес.

«Мұз сарайы» ғимаратына ағымдағы жөндеу; Локомотив стадионының ағымдағы жөндеу; Шаумян көшесіндегі футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу; Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ғимараты күрделі жөндеу; Орталық су спорт кешені» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары. Жаз айларындда қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз».

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 35 спорт ұйымында 65 спорт түрін дамытып жатыр. Оқу-жаттығу мекемелерінде  мыңнан астам  жаттықтырушы жұмыс істейді. Оның 795-і штаттағы мамандар. Қазіргі таңда спорттық мекемелерде 16 283 спортшы тұрақты түрде жаттығумен айналысып, үлкен спортқа дайындалып жүр.

Нұргүл Жолымбетова