Úı ANONS 26 жас сарбаз шекара қызметіне аттанды

26 жас сарбаз шекара қызметіне аттанды

Шымкенттен 26 жас сарбаз Шекара қызметіне аттанды. Олар Жамбыл облысындағы бөлімшелерде Отан алдындағы борышын өтейді. Көктемгі науқан аясында қаладан бұған дейін шамамен 150 азамат әскерге алынған.

Үшінші мегаполистен шақырылған 26 жас сарбаз елдің оңтүстік шебін күзетеді. Жігіттер әскери міндетін өтеу үшін Қордай ауданына жол тартты. Жауаптылардың айтуынша, осы бағыт бойынша белгіленген жоспар толық орындалған.

ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚІЖД БАСТЫҒЫ: “Бүгінгі таңға біздің тапсырысымыз 140, оның ішінде 26-сы қалған. Сол 26-сы қазір алдымызда тұр. Сіздерге тілерім тек қана егеменді елдің тәуелсіз Қазақстанның қазынасы деп отыр ғой. Бірінші бас қолбасшы, президентіміз Біртұтас ел, біртұтас ел деп Жаңа Конституцияны қабылдадық. Оның ішіндегі 1 жағдай жастарға байланысты. Ол жастар сіздерсіздер”.

Көктемгі шақырылым аясында жігіттер медициналық және психологиялық іріктеуден өткен.  Науқан басталғалы қаладан шекара қызметіне шамамен 150 азамат жөнелтіліпті. Жалпы 30 маусымға дейін 1200-ден астам жас әскер қатарына қосылады.

ӘЖІМҰХАН ШЫНТАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚІЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: “Абыроймен атқарып, командирдің бұйрығын бұлжытпай орындап, әскери шеберліктеріңізді нығайтып, аман-есен оралуларыңызға біз тілектеспіз”

Салтанатты жиында ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері жас буынға ақ жол тілеп, қолдау білдірді. Шара патриоттық әндермен қорытындыланып, жігіттерді құрметпен сапарға шығарып салды.

Әсел Мәлік