«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Рысқұлова көшесі, 80 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 сәуірден бастап кезекшілік кестесімен жұмыс істейтінін хабарлайды.
Бұл ретте, Нұртас шағын ауданы, Жас Талап көшесі, 168/1 және Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайларында орналасқан орталықтар қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді. Олар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді, сенбі және жексенбі — демалыс күндері.
Еске сала кетейік, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді, ал сенбі күні — 9:00-ден 13:00-ге дейін.
Сонымен қатар, кезекші мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеріссіз қалады: №1 — Достық шағын ауданы, 2343/1, №2 — Асар-2 шағын ауданы, 12Б. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді, дайын құжаттарды беру 20:00-ге дейін жалғасады. Сенбі күні орталықтар сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды беру — 13:00-ге дейін.







