Úı ANONS «Тесік көпірдегі» «час пик»: Жүргізушілер кептелістен мезі болған

«Тесік көпірдегі» «час пик»: Жүргізушілер кептелістен мезі болған

Шымкенттегі «тесік көпір» тағы да дау тудырды. Күн сайынғы кептеліс, жүйкені жұқартқан ұзын сонар кезек — ақыры жанжалға ұласқан. Жүргізушілерді алаңдатқан қандай проблема? Мәселенің шешімі бар ма, әлде жағдай ушыға түсе ме?

 

«Күнде төбелес осы жерде. ГАИ болса шешіп тастайтын еді».

Тұрғындар «тесік көпір» деп атап кеткен мына өткелде күнде шу. Әсіресе түскі үзілістің кезі және кешкі жұмыстан қайтар уақытта. Кептеліс, оның соңы жанжал. Тұрғындардың сөзінше, өткелден өту үшін жарты сағат  шамасында кептеліске тұрасың.

 

  1. «Күніге болады, күніге. Әсіресе таңғы уақытта, кешкі уақыттарда. — Қанша уақыт тұрасыздар? Кейде адамдар жарты сағаттан көп тұрып қалады».
  2. «Азанда төбелес, кешке төбелес. Жолға таласып төбелесіп жатыр ғой. Кеңейту керек, болмаса жол ашу керек. Ана Қ.Төлеметовтің бойынан жол ашуға болады ғой».
  3. «Анау жолдарды жапты ғой. Енді барлық машина осы жерден өтіп жатыр».

 

Жүргізушілердің сөзінше, Жібек жолы көшесі Тассай ықшам ауданы мен Достық тұрғын алабын бөліп тұр. Ықшам ауанда көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр, жұмысшылар тұрғын алабтан барады. Ол жерде индустриалды аймақ бар. Онда да жұмысшы көп.  Жығылғанға жұдырық Достық аймағынан Жібек жолы көшесіне шығатын көшеге жөндеу басталған. Жүргізушілер алты айдан бері кептелістен шаршаған.

 

Дәл осы өткелде кептелістің болатынын қалалық полиция департаменті де растады. Ал жанжал жол-көлік оқиғасынан туған. Негізі, өткелмен тек бір бағытта жүруге болады. Байқағандарыңыздай жәй уақыттың өзінде ондаған көлік өткелден өту үшін кезегін күтіп тұр.

 

«Осы факт бойынша бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны, одан кейін қатысушылар арасында жанжал туындағаны анықталды. Тараптар біріне-бірі ешқандай талап-арызы жоқ екенін мәлімдеді»

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Жол көлік оқиғасына қатысты әкімшілік іс қозғалған. Тиісті материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Дилара Иса