Úı ANONS Заңсыз пиротехника тәркіленді

Заңсыз пиротехника тәркіленді

Шымкентте заңсыз пиротехника тәркіленді. Қолға түскен нәзік жандылар, аталмыш бұйымдарды сақтау талаптарын өрескел бұзған. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қауіпті жағдайда сақталған және заңсыз сатылған өнімдерді тәркіледі. Қала аумағында жүргізілген тексеру кезінде екі кәсіпкер әйелдің пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатқандығы белгілі болды.

 

Мамандардың айтуынша, пиротехникалық бұйымдар арнайы талаптарға сай келмейтін қойма орындарында, қауіпсіздік ережелері сақталмай орналастырылған.  Белгіленген нормалардың бұзылуы өнімдердің өздігінен тұтанып кетуіне және жарылыс қаупінің туындауына себеп болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді дейді полицейлер.

Айта кетейік, рейд нәтижесінде жалпы саны 500-ге жуық пиротехникалық бұйым тәркіленді. Олардың жалпы құны 1 миллион 200 мың теңгені құрайды.

Нұргүл Жолымбетова