Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында талап қоюшы Ү.-нің жауапкерлер жеке сот орындаушылар А. және Д.-ға қатысты талап қоюы бойынша әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, атқарушылық іс жүргізу 2020 жылғы қаулымен өндіріп алушының өтініші негізінде заңды түрде тоқтатылған.
Алайда, 2026 жылғы жеке сот орындаушысы А. заңды негіздерсіз бұрын қабылданған қаулының күшін жойып, іс жүзінде аяқталған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастаған. Сонымен қатар, сол күні атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулы қабылданған.
Кейіннен бұл атқарушылық құжат жеке сот орындаушысы Д.-ға жолданып, ол өз кезегінде жаңа атқарушылық іс жүргізуді қозғаған.Сот атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін оны қайта бастауға заңмен жол берілмейтінін атап өтті. Осыған байланысты, сот орындаушысы А.-нің қаулыны өз бетінше жою әрекеті заңсыз деп танылды.
Сонымен қатар, бастапқы заңсыз әрекеттердің негізінде қабылданған атқарушылық құжатты қайтару және жаңа атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулылар да заңсыз деп танылды. Осылайша, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды, даулы қаулылардың барлығы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сонымен қатар, әрбір жауапкерден мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.







