«Кунаева», «Рыскулова» деген кондукторлар айыппұл төлейді

407

Аялдама атын дұрыс атамағандарға айыппұл салынады. Сондай-ақ жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығы да қатаң қадағалауда болады. Бұл туралы «Көрнекті ақпарат және жарнама мәтіндерін заң талаптарына сәйкес реттеу мәселелері» атты облыстық семинарда белігілі болды. Жауаптылар қатеге толы шимайларды көргенде, ұяттан бас көтеріп жүру мүмкін емес деп ашынып отыр.

аялдамалық қалташаларҚазір қала көшелеріндегі жарнама бетіндегі өрескел қателерден көз алып қашу мүмкін емес. Жеке кәсіпкерлердің қарамағындағы ғимарат маңдайшаларындағы жазу қателігі ешқандай да заң аясына сәйкес келмейді дейді жауаптылар. Жиналғандар бірауыздан осы олқылықтардың орын толтырып, мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуды талап етіп отыр.

Екінші мәселе қоғамдық көлікте тілдерін бұрап сөйлейтін кондукторлар турасында болды. Қазақтың ақиқ адамдарының соңына «а» жұрнағын қосып айтуға тілдері машықтанып қалған. Оның дұрыс аталауын іздеп немесе қызығушылық танытып жатқан жан жоқ. Ендігі заң жобасы аясында көше атауын дұрыс атамаған азаматқа айыппұл салынып, 10-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төлейді. Ол дегеніңіз – 20-40 мың теңге.

Қасым Ағабеков, облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқарма басшысының орынбасары: «Бізді әсіресе қынжылтып отырғаны – Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев және Тұрар Рысқұлов секілді белгілі тұлғалардың аты берілген көшелерді орысша айтуы. «Кунаева, Рыскулова» дегенді көп естиіміз. Ал өскелең ұрпақ жастар асыл азаматтарды әйел екен деп қалады.»

Жиналғандар болашақ қамын ойлап, тілді бұрмалаудың алдын алуда. Ал осы уақытқа дейін қателерді бойына сіңіріп өскендерді айыппұл арқылы тәрбиелемек.

Ғалымжан Кенжебек