Бұл аудан әкімдігінің базар басшыларымен келісе жасаған кестелері. Ең алдымен базардың қас беті өзгертіліп қақпалары жаңартылады және жауын шашында сауда жасаушыларға ыңғайлы болу үшін жүргінші жолы бетондалып шатырлары алмастырылады.
Енді мұнда өрт сөндіру көліктері кедергісіз кіре алады. бұл базар әмбебеп болғандықтан әр зат жеке бөлініп арнайы дүңгіршектерде саудаланады. Сауда орны ішіндегі ескі ғимараттар бүзылып орнына жаңасы салынады екен.
Бір сөзбен айтқанда жыл соңына дейін 24 мың шаршы метр жерді алып жатқан сауда орыны заман талабына сай етілмек. Сонда жабайы саудаға да осы кезде нүкте қойылуы мүмкін.