Көліктасымалдаушылар миллиондаған қарызға белшесінен батты

Шымкенттен тағы шу шықты. Осыдан бір жыл бұрын Еуропадан жеңілдетілген тариф бойынша автокөлік әкелген 50-ге жуық көліктасымалдаушы дау шығарды.
Оларға біршама уақыт өткеннен кейін айыппұл төлейтінін туралы қағаз келген. Анығырақ айтсақ, 200-ге жуық автокөлікті өткізген кеденшілер құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктер жіберілген. Көлік тасымалдаған азаматтар шетелден Қазақстанға кірерде автокөлігін құжат бойынша рәсімдеген. Ал, кеден заңы бойынша рәсімдеу машинаның шанағы бойынша тіркелуі керек болған.

Осылайша 5-6 мың долларға автокөлік сатып алғандар енді 5 млн-ға дейінгі суммада айыппұл төлемек. Бір қызығы бұл қателікті кеденшілер темір тұлпарлы болғандардан айыппұл ретінде өндірмек болыпты. Осыған ашынған автокөлік тасымалымен айналыстындар істің анық-қанығын анықтамақ.

Ал кеденшілер тіпті автокөлік иелеріне тығырықтан шығудың өзінше жолын да ұсыныпты. Мұндай айыппұл салынып жатқаны туралы шу шыққанын түсінген кейбір жанұяларда тіпті бақытсыз жағдайлар да орын алып жатыр дейді көлік иелері.  Ашынған көлік иелері қандай да бір жауап алу үшін тіпті Кеден департаментіне де барды.

Жауапты мамандардан қандай кінә жібергенін және миллиондаған айыппұлдың не үшін салынғанын білгісі келгендерге кеденшілер сол баяғы сотқа сілтеумен болды.  Бұл мәселенің түйінін тарқату тағы да сотқа бұйырды. Алайда көлік мінем деп, миллиондаған қарызға батқандар бұдан бір қайран боларына сенбейді.

Ал олардың ісімен сотта Юрий Пак айналысатын болады. Оның сөзінше, кеденшілердің қателігінен қарапайым азаматтар зардап шегіп отыр. Зардап шегушілер бірнеше рет, аудандық, облыстық сотта барысында жеңіліске ұшырады, бірақ олар соңына дейін істі анықтауға бекінген.