Польшалық кардиохирургтар облысымыздағы 80 балаға ота жасамақ

Қазір Қазақстандық мамандар өздері ота жасауда. Польшалық дәрігерлер тек кеңес береді.

Шымкентке Польшадан балалар кардиохирургі келді. Жеті адамнан тұратын медицина мамандары біздің өңірде 18-ші қазанға дейін болуды жоспарлаған. Осы уақыт аралығында шетелдік мамандар қазақстандық дәрігерлермен бірігіп, ондаған ота жасауды көздеп отыр. Біздің облыста әр жылы жүрек ауруына шалдыққан бір жарым мыңға жуық сәби дүниеге келеді екен. Соның 400-і отаны қажет етеді. Бір ай ішіндеШымкентте польшалық мамандардың қатыстырылуымен жүрек ауруы асқынған 80 балаға күрделі ота жасалмақ.