Шымкентте сенбілік өтті! 24-ші қыркүйек, сенбі күніне белгіленген Тазалық шарасы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы республикалық сенбілікке тұрғындар мекемелер қызметкерлері, оқушылар мен студенттер түгел қатысып, өз аулалары мен көшелерді, өздері тұратын аумақты тазалауда белсенді болды.
Сенбілікке «Отырар» телеарнасы мен «Рабат»,»Оңтүстік Рабат» газеттерінің тілшілері де ат салысты. Олар күнделікті қарбалас жұмысын тастап, бір сағатқа қаламдарын, сыпырғы мен қалаққа ауыстырып, қоқыс жинастырды.