Шымкентте Әлем чемпионатына дайындық басталды

215

Александра Подрядоваға Оңтүстік өңірі үлкен үміт артып отыр. Олимпиада ойындарына жолдаманы осы бойжеткен жеңіп алуы тиіс деп сенеді. Францияда өткен Әлем чемпионатында Сашаның жолы болмады. Бүгінде қателіктермен жұмыс жасап отыр.

Александра Подрядова: «Жапондық бұл қарсыласыммен осымен үшінші рет кездесіп отырмын. Ыңғайсыз палуан. Өткенде мен жеңсем, бұл жолы ол басым болды».

Дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасы шымкентте оқу жаттығу жиынын өткізуде. Олардың арасында оңтүстіктің үш палуаны бар. Бойжеткендеріміздің дайындығы күшейтілген. Өйткені алда Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұл жолы да олимпиада ойындарына жолдама ойнатылады. Бапкерлердің әйелдер құрамасына үміті зор. Олимпиадаға жолдама жеңсе, содан кейін дүбірлі сайыстың медлін де еншілеп қайтар деген жоспар бар. Ал оған дейін бойжеткендеріміз оқу жаттығу жиынында шеберлігін шыңдауда.