Тағы бір балабақша ашылды

Шымкентте мемлекет меншігіне қайтарылған №25 «Қарақат» бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді. Бақшада әзірге 280 бала 33 тәрбиеші мен мұғалімнің қарамағында тәлім алуда.
Қаламызда жалпы 56 мемлекеттік, 48 жеке меншіктегі балабақша бар. Қыркүйек айында 6 жаңа балабақшаны пайлануға беру жоспарлаған болатын. Демек кезекте тұрған бала саны да сәйкесінше азаяды. Ал бүгінгі жаңа балабақшаның пайдалануға беруінің нәтижесінде қаншама ата-ана жұмысқа шығатын болды.

 

http://www.youtube.com/user/tvotyrar#p/a/u/2/FlOh44K5nf0