Жоғалған бала табылды

236
Нұрсұлтан анасымен кездесті

Нұрсұлтан анасымен қауышты. Осыдан бір ай  бұрын тәртіп сақшылары 16 жасар жеткіншекті Тұлпар су қоймасының маңайында тауып, оны балаларды бейімдеу орталығына алып келген болатын.

Алайда, жеткіншек бұл жерден қашып кетіп, он күн өте қайта табылып отыр. Бүгін ол анасымен кездесті.

Күміскүл апайдың қуанышында шек жоқ. Ол жалғыз ұлын бір айдан кейін ғана бауырына басып отыр. 16 жасар Нұрсұлтан үйінен қашып кетіп, осы уақыт бойы қала кезіп, адасып жүргенді. Нұрсұлтанның суретін оның нағашылары «Оңтүстік рабат» газетінен көріп, байланысқа шыққан. Осыдан 10 күн алдын  Нұрсұлтан бейімдеу орталығынан да қашып кеткен болатын. Аяғынан тозып, іздеуге шыққан орталық қызхметкерлері жеткіншекті бұл жолы Самал базарының маңайынан тапқан. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=URs-lLSh-vk[/youtube]