Мамандандырылған қылмыстық сот Шымкенттің 30 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Ол өз әйелін бауыздап өлтірмекші болған. Бірақ қылмысын соңына дейін жеткізуге кәмелетке толмаған қызы жол бермеген.
Тергеушілер бұл заңбұзушылықты ауыр қылмыс қатарына сол кезде-ақ жатқызған. Отызды алқымдаған отағасы жаз мезгілінде өз әйелінің өмірін қимақ болған қайғылы оқиға Сарыағаш ауданының кішкентай ғана бір ауылында орын алған. Отбасылық мерекені артық адамсыз атап өткен отағасы ішімдікке сылқия тойып алып, азаматтық некедегі әйеліне қызғаныш отымен шап берген. Ол екі рет әйеліне пышақ сұғып та үлгерген. Қызы жүгіре шақырып келген көршілердің көмегімен әйелі өлім ауызынан қалған.
Сот Қарабаев: Сот Мироедовқа 9 жыл бас бостандығынан айыру және оны қатаң тәртіптегі колонияда өткізу үкімін шығарды. Сонымен бірге, ішімдіктен айығуын сотталған жерінде жүзеге асырады. Сотталушының өмірбаянын үлгілі деп айтуға аузың бармайды. Бұған дейін төрт рет сотты болған, оған жұмыссыздығы мен ішімдікке әуестігін тағы қосыңыз.
Ауыр жарақаттардың салдарынан әзер тірі қалған әйелі мен ұрлық қылмысына қатыстығы жоқтығы сотталушыға осындай үкім шығаруға жеңілдік болды. Десе де, айыпталушыға үкім шыққаннан кейін 15 күннің ішінде қайта шағымдануға құқығы бар екенін де айтылды.