Қаржы полициясы кәсіпкерлік жұмыстарына заңсыз кедергі жасағандарға тосқауыл қоямақ

Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік жұмыстарыңызға заңсыз кедергі жасаған жағдайда қаржы полициясы органдарына хабарласу қажет. ОҚО бойынша қаржы полициясы департаментінің бастығы Нұрлан Қамбатыров бүгін «Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерн қорғау» тақырыбында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі барысында осылай деді.
Ағымдағы жылы депарментке 413 кәсіпкерлікке қатысты арыз-шағым келіп түскен. Шағын және орта бизнеске заңсыз кедергі жасау деректері бойынша 41 қылмыстық іс анықталған. Оның 39-ы сотқа жолданып, 10 тұлға сотты болды. Кездесуде кәсіпкерлер өз мәселеріне қатысты тікелей жауап та алды.