Ел Тәуелсіздігі ақындар мүшәйрасында тақырып арқауы болды

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген ақындар мүшәйрасы қортыныдыланды. Өзінің төл туындысын және еркін тақырыпта өлең шығаруға мүмкіндік алған  жас ақындар туған жер, тәуелсіздік,  Шымкент сүйікті қалам тақырыбында жүрек жарды шығармаларын әділ-қазіларға ұсынды. 5-11 сыныптың 52  оқушысы арасында бас жүлдені № 86 мектептің шәкірті Иззат Қарсыбаев жеңіп алды. Ал 1-ші орынды №26 гимназияның оқушысы Ақмерей Қуашбаева мен №7 оқу ордасының білім алушысы Айдар Қарабатыр еншілеп қайтты.  Ақындар мүшәйрасында «Жас талант», «Қауырсын қалам», «Албырт ақын», «Жас ақын» номинациялары да болды.