Паралимпиада ойынының алғашқы чемпиондары белгілі болды

Екі күннен бері спорт алаңында мүмкіндігі шектеулі жандар медальдар үшін таласқа түсуде. Үміткерлер бар күш жігерін ортаға салып жатса, жанкүйерлер жағы командаласына қолдау көрсетуде. Жеңіл атлетика бойынша 120 спортшы ұзындыққа секіруден де сынға түсуде. Қызылордалық Алматтың спорттың бұл түрімен шұғылданып жүргеніне 10 жылдай болған. Республикалық жарыстарда күмістен алқа таққан спортшы бұл жолы алтынға қол жеткізсем дид.

Қызылордалық спортшы, Алмат: «Ендігі мақсатым жеңіске жетіп, Лондонда өтетін дүбірлі сайысқа жолдама жеңіп алу. Ол үшін әлі де еңбектену қажет.»

Қызылорданың қоржыны 2 алтын медальмен толықты, алматылық жел аяқтар да 2 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Ал оңтүстіктен жалғыз бір спортшысы  ғана алтыннан алқа тақты. Сонндай-ақ волейболшылар да ептілігін сынға салуда. Бүгінге дейін оңтүстіктің құрамасы өз тобында екінші келеді. Олар алматылықтармен 4-5 орын үшін таласатын болады. Жеңіл атлетикадан өткен бүгінгі сынақтың жеңімпаздары ертең белгілі болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz