Қызылордада «Тарихи Түркістан» көшпелі көрмесі өтіп жатыр

37

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының «Тарихи Түркістан» көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрменің мақсаты – Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи мұраларды насихаттау, мәдени байланысты кеңейту және мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Ресми ашылу садтанатына мәдениет ұйымдарының басшылары, оқытушы-профессорлар, өлкетанушы, тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры түркістандықтарға алғысын білдіріп, қос музей арасында қарым-қатынастың одан әрі жалғаса беретіндігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, көрме жұмысы 2022 жылдың 21 қазанына дейін жалғасады.