Жас ақындар бақ сынасты

380
Бас жүлде Гауһарда

«Өнерлі жастар» атты жазба ақындарының облыстық байқауы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан келген үміткерлердің өлеңдері жабық түрде талқыланыпты.

Облыстық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мүшәйрада отыздай жас ақынның өлеңдерін бағалаған әділ-қазылардың айтуынша, жаны әдебиетке құштар сөз майталмандары өсіп келеді екен. Тәуелсіз Қазақстан ұрпақтарының жыры патриоттық рухта тербелсе, ұйқастары ел жетістігімен түйіліпті.

Сонымен, әділ-қазылардың шешімімен байқаудың бас жүлдесін Гауһар Жүсіпалиева жеңіп алды. Абай Тіленшиевке екінші орын бұйырса, Жанат Күздікбаева мен Жәудір Бейсенбай үшінші орынды місе тұтты.

Ал қалған қатысушылар арнайы дипломмен марапатталды. Барлық жеңімпаздар Жастар орталығының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.