3 ауылды жалғайтын көпір пайдалануға берілді

241
гофроболат құбыры

ОҚО автомобиль жолдары мен көпірлер құрылысы үшін қомақты қаржы бөлінген болатын. Жоспарланған 315 нысанның 304-де құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда. Қалған 11 нысан келесі жылдың еншісіне өтпек. Күні кеше Сайрам ауданындағы гофроболаттан жасалған көпір ашылса, Қазығұрт ауданында облыстық маңызы бар автожол пайдалануға берілді.

Қарабұлақ, Көмешбұлақ, Ақсукент ауылы тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл көпір су тасқыны салдарынан апатты жағдайда болған. 2010 жылы дамбаны шаю салдарынан темір бетон құбыры шайылып кеткен. Осыны ескерген билік гофроболатты құбыр жасаған. Ол темір бетонға қарағанда 2-3 есе арзан және ұзақ мерзімге шыдамды, ең бастысы құрылыс мерзімі қысқа.

Аталған құбырдың құрылысы біздің облыста алғаш рет қолданылып отыр. Ұзындығы – 36, диаметрі-3 метр құбырдың құрылыс жұмыстарын «Базис-К» ЖШС-і жүргізген. Бұл көпір біткенше қашықтығы 5 км айналма жолда облыс орталығына қатынаған ауыл тұрғындарының алғысы шексіз.