Халық жаңалығы 

2011 жылдың «Алтын көшбасшылары» марапатталды

Қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұжымдардың үздіктері марапатталды. Денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы сынды сан саланың мықтыларын жыл бойы анықтаған Малика Қадырхан бастаған республикалық сарапшылар тобы Оңтүстіктің озықтарын арнайы құрмет грамоталарымен, естелік статуэткалармен марапаттады.

Отшашумен басталған салтанатта Оңтүстіктің озықтары бас қосты. «Алтын көшбасшылар «марапатының ұйымдастырылғанына биыл 5 жыл. Тәуелсіздіктің 20-жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке биыл ерекше дейді, республикалық жоба жетекшісі Мәлика Қадырхан.

Малика Қадырхан, «Алтын көшбасшылар» республикалық жобасының төрайымы: «Біз бес жылдан бері қоғамның барлық саласындағы үздіктерді марапаттап келеміз. Биылғы салтанат ел егемендігінің 20 жылдығына арналып отыр. Барлық шымкенттіктерді айтулы мерекемен, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтағым келеді.»

Денсаулық сақтау, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы сынды қоғамның түрлі саласындағы үздіктердің қатарында облыстық мәдениет саласының бастығы К. Айдарбекова бастаған бір топ өнерпаз майталмандар да бар.
Сонымен қатар, БАҚ арасында 2011 жылдың алтын көшбасшысы болып «Отырар» ТА мен «Рабат» газетінің ұжымдары танылды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz