Шымкентте балабақшаға қабылдау толығымен автоматтандырылды

607

Қала аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Яғни, балабақшаға кезекке тұру, жолдама беру және балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл өз кезегінде, әрбір баланың электрондық төлқұжатын қалыптастырады. «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асқан жүйені апробациялау нәтижесінде, 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақша кезегіндегі қатары 2,5 есеге – 46 мыңнан 18 мыңға дейін азайды.

Балаларды балабақшамен қамтуды автоматты түрде онлайн режимде атқару жемқорлық тәуекелдері мен ата-аналардың арыз-шағымдарының төмендеуіне септігін тигізді.

Сонымен қатар, бірінші сынып оқушыларын қабылдау жүйесі де автоматтандырылды. Аталмыш жүйе педагогикалық құрам туралы, оқыту тілі, мектептің рейтингісі, теріс факторлардың деңгейін айқындап, ата-аналарға толық ақпар бере алады. Бұдан бөлек, автоматтандыру жүйесі үш ауысымдық білім берудің ықтималдығын төмендетті.