Арақ-шарап зауытына айналған пәтер

380
қаржы полициясы

Оңтүстік Қазақстандық қаржы полицейлері 9 жерасты цехын жойды. Олар барлық үлгідегі арақ-шарапты заңсыз, қолдан жасап келген. Қолға түскен цехтың біреуі Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан жер үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Ішімдікті қолдан жасаған алаяқтардан  1 млн. 300 мың теңгенің заты тәркіленді.

Ұсталғандар өздерінің қалай жұмыс жасағандарын көрсетіп, жұпыны жұмыстарымен таныстырды. Бутылканы жуып, оған спиртті құйып, этикеткаларын жабыстырғаннан кейін тауар дүкендерге жөнелтілген. Байқағанымыздай кейбір сатушыларды тауардың сапасы емес, одан түскен түсімі қызықтырады екен.

Қаржы полициясының қолына түскен цех иелеріне заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандығы үшін шара қолданылады. Ал оның жазасы өте жұмсақ, яғни 100 мың теңгемен уаықтша қамауда ұстайды. Бұл барып тұрған әділетсіздік сияқты. Контрафактілі тауарлармен айналысып өздеріне миллиондаған қаржы түсірсе, керісінше миллиондаған адамның денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар, қолдан жасалған марканы жабыстыру арқылы сол фирманың атына кір келтіреді. Сондақтан олар қолға түскен цех басшыларымен соттаспақ. Бұл еліміздің экономикалық қауіпсіздігі үшін, өйткені олар елге салық төлейді.

Үстіміздегі жылы қаржы полициясы қызметкерлері дәл осындай 50 қылмыстық іс қозғаса, 23 азамат сотты болыпты. Сондай-ақ 50 млн. теңгенің тауарлары тәркіленген.