Kселл-дің абоненттері өсті

177

Ағымдағы жылы абоненттердің саны республикада 1,5 миллионға өссе, ОҚО-да ол көрсеткіш 4 пайызға бір-ақ жетті. GSM Казахстан/ KCeeLL компаниясының басқармасы бұл жетістіктерді арнайы жарнамалық тарифтер «Күндізгі Лимитсіз» және «Бірінші Шымкенттік»,»Бірінші Түркістандық» аймақтық тарифтік жоспарды іске қосқанымен байланыстыруда.

Сәкен БАЙТУҒАНОВ, GSM Казахстан/ KCeLL компаниясының ОҚО бойынша филиалының жетекшісі: «Сағат түнгі бірден таңғы 7 ге дейін 18 сағат бойы абонент шектеусіз байланыс жүйесінде ұялы телефонымен небәрі 50 теңгеге сөйлесе алады. 1 минуты-4 тиын. Сондай-ақ КСЕЛЛ 11 тарифтік жоспар енгізілді. 11 теңгеге абонент  ҚР барлық бағыты бойынша хабарласады және ол абоненттік төлемсіз».
Компания Оңтүстік Қазақстан облысында жүйені жетілдіріп, жаңа идеяларды енгізуде. Биыл үшінші кезеңдегі байланыс Шымкентте, Түркістан мен Сарығашта пайда болды. Келешекте 3G өңіріміздің елді мекендерін жаппай қамту жоспарда. Ұялы байланыс ағымдағы жылы 1 мыңнан астам адам тұратын ауылдарда да пайда болмақ.Ұялы байланыс операторы Оңтүстік өңірінің әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсенді қатысуда.

Компания Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирдің бас демеушісі болды. Жарысқа Ресей, Белорус, Оңтүстік Корея, Орта Азияның спортшылары қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де жоғары деңгейде құрмет көрсетілді.

Компания 4 жыл бойы жасөспірімдерге арналған оңалту орталығын қамқорлыққа алған. [youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FRpBnVPYCZU&list=UUfxVhVdN9E8mkrN50DjJYFg&index=1&feature=plpp_video[/youtube]