Жаңалықтар 

«Roof house» компаниясы балалар үйіне сыйлықтармен барды

Жүк көлігі нөмірі үшінші балалар үйіне жәй келген жоқ. «Roof house» компаниясының өкілдері мұндағы балғындарға жаңа жыл қарсаңында сыйлықтарын ала келіпті.

Нурлан Дусанов,  «Roof house» компаниясының директоры
Бұл жылы біз өте жақсы жұмыс атқардық, біздің компанияның жақсы жаңалықтары да болды және тұтынушыларымыз да көбейді. Жылды қорытындылай келе біз табысымыздың бір бөлігін қайырымдылық ісіне жұмсап, балаларға сыйлық берейік деп шештік.

Сыйлық болғанда да балаларға ең керегі: бейнелеу сабағына арналған жиынтықтар, бояулар және балалардың шығармашылық дамуы мен салауатты өмір салтын дамытуға арналған жаттығу құрылғылары бар. Ал мұндағы сенсорлы бөлме кішкентай балғындар үшін ең сүйікті орын. Жанға жайлы әуен, психолог маманның кеңесі бүлдіршін дамуына оң әсерін тигізеді.

Қырмызы Қожамжарова, №3 балалар үйінің директоры
осындай мейірімді адамдардың болғаны қандай жақсы. «Roof house» компаниясының керемет сыйлықтары үшін үлкен рахмет. Қараңыздаршы баллар қандай бақытты.

Балалар асыға сыйлықтарын ақтаруда.  Ал 6 жасар дамир болса жаңа жылдағы бір кереметке сенеді.

Дамир Сайфутдинов: «Сыйлық үшін үлкен рахмет, маған қатты ұнады. ішіндегі заттары керемет.»

«Roof house» компаниясының қызметкерлері мен балалар ойын ойнап, қызықты әңгімелер айтты. сонымен қатар жаңа жылға ерекше жоспар құрып, қалай мерекелеуді де келісті. Ал бүгін ешкім де сыйлықсыз қалмады. Кішкентай болса да берілген жылу дәл осы балғындарға қажет болатын.

Related posts