Спорт 

Түйе палуанымыз темір тұлпарға ие болды

Нұрзат Бегасылов Қызылордада өткен республикалық турнирде ептілік танытып, Шиелі ауданынан жаңа көлікпен үйіне оралды. Сыр өңірінде қазақ күресінен Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған дәстүрлі турнир өткен болатын. Жерлесіміз төрт кездесу өткізіп, ақтық сында әйгілі Бейбіт Ыстыбаевтен басым түскен. Осыған дейін шым қалада жіберілген есені сырт алаңда қайтардым дейді Нұрзат.

Ақжол Асқар, спорт ардагері: “Қазақтың атын шығару үшін біреулер ғарышқа ұшып жатады. Ал саган спортшы болу бұйырыпты, енді ел намысын халықаралық  аренада қорғап жүрсін. Темір тұлпар да міндің. Оңтүстік өңірі сенің жеңісіне қуанышты екені рас. Алайда, сен жаттығуларыңды тоқтатпай бұдан биік белестерден көрінуіңе тілекстеспіз.”

Нұрзат “Алтын белбеу” үшін таласта жеңіске жете алмаған болатын, алайда бұл жолғы турнирде ол еліміздің епті палуандарынан басым түсті. Әлем, Азияны бағындыра білген жерлесіміз енді түйе палуандар арасында жеңісті қолдан жібермеуді көздеп отыр.

 

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz