Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылының бойына қойылған жасанды кедергінің қызметі ұзаққа созылмады. Бүгін таңертең қала әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мамандары кедергіні алып тастады. Мамандардың мәлімдеуінше, үш жолақтағы жолға жасанды кедергі қойылмайды екен.
ОҚО жол полиция қызыметкерлерінің мәлімдеуінше, мұнда жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнатылуы тиіс. Тек бюджеттегі қаржы тапшылығынан мерзім созылып отыр.
Енді СМЭУ Астана ЖШС өз есебінен несие ретінде сол бағдаршамды орнататын болады.