Төртінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының депутатары өздерінің соңғы сесиясын өткізді. 4 жылда 62 рет бас қосқан халық қалаулылары 2012-2014 жылдарға арналған бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Нәтежесінде 2011 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған 2012 жылдың бюджеті Республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттің есебінен 33 млрд. теңгеден 48 млрд. теңгеге өсті.
Міне, осы қаражаттың 2 млрд. 335 млн. теңгесіне 7 білім мекемесінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ «Қайтпас 1» шағын ауданын газбен қамтамасыз ету енді Республикадан бөлінген қаржы есебінен іске асады.
Бүгінгі күн тәртібіндегі жалғыз мәселені талқылаған депутатарға қала басшысы көп жылдық жұмыстарына алғысын білдірді.