2011 жылдың үздіктері

290

Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында ОҚО жыл үздіктері мараппатталды. Медицина, ғылым, білім, өнер және тағы да өзге салада қажырлы еңбек етіп, облыстың дамуына айтарлықтай үлес қосқан азаматтар сахна төріне шықты.

Алдымен өнеркәсіп және кәсіпкерлік, құрылыс, көлік, энергетика және комумуналдық шаруашылық салалары бойынша жылдың үздіктерінің есімі аталды. Цемент өндірудің жылдық көлемі миллион тоннаға жеткен «Стандарт цемент» ЖШС-і, сапалы мазмұндағы тауар өндіріген «Визит» АҚ, үздік кәсіпкер «Серпер инвест» компаниясы, құрылысы мекемесінен «Айжамал» ЖШС-і, жолаушылар көлігі кәсіпорыны бойынша «Экспресс» ЖШС-і марапатқа ие болды.

Ал құрылыс мамандарынан Клавдия Гончарова, энергетик Абдуллаев Абдукарим, коммуналдық шаруашылық қызметкерінен Мұхтар Сыдықов, көлік жүргізушілерден Есімбай Жұмагелдиев мықты маман деп танылды.

Жылдың үздік ғалымы М.Әуезов атыданығ ОҚМУ-нің профессоры Алтын Есіркепова деп танылды. Білім саласында барлығы 8 аталым бойынша үздіктер марапаталды.  Жылдың үздік мектебі номинациясын 50 түлегі Президенттік болашақ бағдарламасы бойынша Ресейде, Азия, Еуропа, Америкада білім алып жатқан  Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия мектебі алды.