1-қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеу институтының сейсмикалық ақпараттарды жинақтау және өңдеу орталығы.
Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, жерасты дүмпулері Шығыс Қазақстан облысында Астана уақытымен 14 сағат 07 минутта тіркелген.
Дүмпу ошағы солтүстік ендіктің 49,70 градусында, шығыс бойлықтың 77,66 градусында анықталды. Тереңдігі 4 шақырым.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14-желтоқсан күні облыста Қазақстан-Қытай шекарасына жақын тұста жер сілкінісі тіркелген болатын.