Анастасия Прилепа Олимпиадаға жолдамадан үмітті

250
Жақын күндері төбесі жабық бассеин ашылмақ

Анастасия Прилепа — жүзуден Шымкенттіктердің жалғыз үміті. Бойжеткен Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алуы тиіс. Алайда әзірге жерлесіміздің жолы болмауда. Осыған дейінгі халықаралық жарыстарда ол алғашқы бестікке де іліне алмаған. Алайда алда бір қатар жарыстар бар. Мәселен,  сәуір айында Украинаның және Ресейдің Чемпионаты өтеді. Сол жерде Настя ептілік танытса «Б» немесе «А» тобынан көрінеді. Ол дегеніміз Олимпиадағ жолдама шымкенттіктердің қоржынына түседі. Ол үшін әлі де тер төгу қажет. Сол себепті де жерлесіміз күннің қарлы болуына қарамастан төбесі ашық бассеинде жаттығып, қателіктермен жұмыс жасауда.

Александр Дьячков, жүзуден ОҚО аға бапкері: «Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуға қолымыздан келгенше тырысып жатырмыз. Мүмкіндік бар. Әрине, ғаламтордағы мәліметке сүйенсек бүгіннің өзінде әр қашықтыққа берілген 30-35 жолдаманың 20-дан астамын жеңіп алып қойған. Ол дегеніміз қиындау болады. Десек те үмітімізді жоғалтпаймыз.»

Бүгіннің өзінде Республикада 3 спортшы Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алған. Олардың өзі «Б» тобында.  Ал Шымкенттен жалғыз Настя ғана.