Бір жылда Оңтүстіктегі күнкөріс бағасы 0,1 пайызға қымбаттаған

Құнсыздануды құраған азық-түлік пен тағамдық емес тауарлардың құны Республикалық рейтинг бойынша төменнен санағанда 3-орынды алған. Жылдық инфляция 6,8 пайызды құраса, Қазақстан көлемінде орташа есеппен 7,5 пайызды көрсетіпті.

Елена Евдокимова, Статистика басқармасының бағалау бөлімінің бастығы: «Қант 18 пайызға, жеміс пен көкөніс бағасының қарқыны да 5 есеге бәсеңдеді. Былтыр аталған өнімдер 16 пайызды құраған еді, биыл май бағасы төмендеді. Бағаның көтерілуі әсіресе, ет пен ет өнімдеріне қатысты болуда. Оңтүстіктегі инфляцияның орын алуына осы жағдай ең басты себеп болуда. Ет өнімдері бағасының жалпы жоғарылауы 26,2 пайызды құрап отыр. Оның ішінде сиыр еті – 45 пайыз болса, жылқы еті – 41 пайыз, қой еті – 32,9 пайыз, ал доңыз – 12,2 пайыз екен».

Тағамдық емес тауарлардың құнсыздануына жанар-жағармай бағасы да әсер етуде. Сұйытылған газдың бағасы өспеген. Ал ақылы қызмет ісінің бағасы жаман емес жағдайда.

Елена Евдокимова, облыстық статистика басқармасының бағалау бөлімінің бастығы: «Коммуналды шаруашылық саласына байланысты тек электроэнергиясы ғана өскен. Ал желілік газға баға тарифі төмендеді».

Қоқыс бағасы 16,5 пайызға көтерілді. Білім алу мен телефон үшін абоненттік төлем де қымбаттаған. Есесіне, Интернеттің мобильді байланысы арзандаған. Қорытындылай келгенде облыс бойынша, жалпы тауарға тұтыну бағасы 0,1 пайызға жоғарылапты.