«Эврика» СО-ның сатып алушысы жарты миллион теңге ұтып алды

274
Эврика сауда орталығы

«Теріскей» мөлтекауданындағы «Эврика» дүкені дәстүрлі ұтыс лотереясын өткізді. Сауда орталығының сатып алушылары үшін ән мен биден шашу шашылды. Бір ай көлемінде «Эврикадан» сауда жасағандарға ұтыс лотереясына қатысуға купон берілген болатын.

Аслан Юсупов, «Эврика» сауда орталығы директорының орынбасары: «Біз өз клиенттеріміз үшін бар жағдайды жасауға ұмьтыламыз. Сондықтан да әртүрлі іс-шаралар өткізуге дайынбыз. Жеңілдіктерге толы сан түрлі акциялар біздің тұрақты сатып алушыларымыз үшін. Біз әрбір клиентімізге сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз.»

Ұтыс лотереясының купон иегерлері әрбір сәтті сілтідей тына тыңдады. Асқар, Меруерт есімді қос шымкенттік үлкен теледидарға ие болды. Ал ең үлкен сыйлық- 500 мың теңгенің чегі Валерий Степукке бұйырды.

Валерий Степук, ұтыс иесі: «Мен үшін күтпеген жағдай! Мұнда біз Жаңа жылдық мерекеден соң «Эврикадан» теледидар сатып алып, ұтыс лотереясына қатысуға купон алған едім. Енді тек «Эврикадан» тұрмыстық техника мен қажетімізді сатып алатын боламыз. Онсыз да осы СО-ның тұрақты сатып алушысымыз.»

Еш жерде ешқандай ұтысқа ие болмаған қарапайым инженер үшін бұл үлкен олжа. Сол үшін де ол СО-на дән риза. «Эврикадан» үйге қажетті барлық бұйымыңызды сатып ала аласыз. Тұрмыстық техникадан бастап, Жихаз, төсек-орын жабдығы, жалпы үйіңізге қажеттінің бәрін табасыз. Бағасы да қонымды, сатып алушылар үшін мұнда сый таусылмақ емес.