Сатира театры жұмыстарын тоқтатпайтын болды

Сатира театры

Сатира театрына берілген ғимаратқа 60 жыл болыпты. Оның алғашқы кірпіші 1949 жылы қаланған. Ал мамандардың айтуынша, енді мұнда ауқымды іс-шараларды өткізу өте қауіпті екен.

«Бұл ғимаратта ауқымды іс-шараларды өткізуге болмайды» дейді «Архитектура Дизайн ЖШС-нің бас инженері Анна Сушко. Қазір тексеру жүргізілуде. Кейін барлық материалдарды комиссия мүшелеріне өткіземіз. Сол кезде нақты шешім қабылданады. Ғимарат бұзылады немесе қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін екен.

Марат Оразметов, Облыстық сатира әзіл ысқақ театрының директоры: «Бізге ешкім жұмыстарыңды тоқтатыңдар деп ешқандай құзырлы орындардан ескерту келіп түскен жоқ. Сол үшінде жұмысымызды тоқтатпай, өнер сүйер қауымды әзілімізбен қуантатын боламыз. Ал берілген ғимарат үшін басшыларға айтар алғысымыз шексіз. Бүгін сағат 16:00 де қойылым көрсетіп жатырмыз. Келемін деуші азаматтарға есігіміз ашық».