Шымкентте Қазкоммерцбанктің миллиондаған қаржысын тонағандардың сот процесі өтуде

Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотында қаржы қымқыру оқиғасына байланысты сот процесі жалғасуда. Еске салайық, осыдан біршама уақыт бұрын еліміздегі ірі банктердің бірі саналатын Қазкоммерцбанктің Оңтүстіктегі филиалында миллиондаған теңге қолды болған-тын.

Әділ сот айыпталушы 17 азаматты 728 миллион теңге қайтарылмайтын несиені келісіп қымқырды деп айыптауда. Тараптардың арыздары баспасөз өкілдерінсіз жүруде.

Айта өткен жөн, бір ай бұрын тергеу нәтижелері миллиондаған қарызға алынған екі қабатты үйлер тек қағаз жүзінде ғана көрсетіліп, ал ісін кеңейткісі келіп, несие алған кәсіпкерлердің зейнеткерлер мен үй шаруасындағы әйелдер екенін көрсеткен еді. 204 миллион теңге қаржыны қымқырған 13 тұлғаның ісі 2011 жылдың шілдесінде-ақ қаралып, айыпталушылар түрлі дәрежедегі жазалау шараларына ұшыраған болатын. Енді солардың көбі тағы да сотталушылар орнына кезекті рет келіп отыр. Олардың арасында «Қазкомның» бұрынғы қызметкерлері де бар.

Сот процесі ұзақ өтеді деп жоспарлануда. Істің өзі 74 томнан тұрады.