Шымкенттегі теннис орталығы наурыз айында ашылады

Құрылысқа жауапты хорватиялық мамандар осындай уәде беруде. Осыған дейін жаңа жыл қарсаңында оңтүстік теннисшілеріне үлкен сый жасаймыз деп мәлімдеген шетелдік құрылысшылар енді нысанды көктемге дейін аяқтасақ болғаны деп отыр.

Жуырда ғана Шымкентке хорватиялық компанияның басшысы келген болатын. Ол құрылыстың не себепті сағызша созылғанын анықтауда. 8 айдың ішінде құрылысты аяқтауға болатын спорттық нысандағы жұмыстар биыл төртінші жылға жалғасуда. Жауапты азаматтар қаржының дер кезінде бөлінбеуі тірлікке қолбайлау болғанын алға тартуда.