Шымкентте теннистен Қазақстан чемпионаты басталды

421
14 жасқа дейінгі теннисшілер 4 кордта сайысқа түсті
14 жасқа дейінгі теннисшілер 4 кордта сайысқа түсті
14 жасқа дейінгі теннисшілер 4 кордта сайысқа түсті

Бүгін 100-ден астам еліміздің жас теннисшісі Шымкенттегі халықаралық теннис орталығына жиналды. Мұнда 14-жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Чемпионатынының жалауы көтерілді.

Сайыста үздік ойыншылардың бірі Алматылық Құланбаева саналады. Оны жеңуді біздің оңтүстікқазақстандық Жамиля Тайтелі де қалайды. 12 жастағы Жамила өз құрдастарының арасында үздік. Енді 14 жастағы ел теннисшілерін жеңсем дейді. Әзірге жерлесіміздің аяқ алысы жаман емес.

Жанкүйерлер де шілденің шіліңгір ыстығында ашық аспан астында ойынды тамашалауға келіпті. Солардың бірі қала тұрғыны зейнеткер Қалипа Егізбаева. Алпыстың алықымынан асқан апа Астанадан келген 3 немересінің тілеуін тілеп келіпті. 

Жарыстың ашылу салтанадында білімін жетілдірген теннисші жастар 2 ші дәрежелі жаттықтырушы сертификатын алды. Ал жасөспірімдер арасындағы жарыс сенбі күні мәресіне жетіп, Азия Чемпионатымен жалғаспақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IlG_1GI6JMI[/youtube]