Тырнақты сәндей білеміз бе?

Сәнді тырнақ пен нәзік қол және мінсіз сырт бейне. Әрине мұндай кейіпте жүру — кез-келген қыз-келіншектің арманы.

Ертеден-ақ әйелдердің тырнақтары бірден әдемі әрі сәнді болмаған. Мұндай әсемдікке олар көп жылғы күтім мен еңбектің арқасында қол жеткізуге болатынын жақсы түсінген. Содан да болар қай уақытта болмасын, нәзік жандылар үнемі тырнақтарына күтіммен қараған. Қазба жұмыстары кезінде ежелгі Египетте осы күнгі тырнақ сәндеудің үлгілері табылған. Перғауынның әйлдері тырнақтарын алтынмен әшекейлеп, оның тәуелділері күміспен сәндеген.

50-жылдары өз қолына көңілі толмайтын әйелдер үшін тырнақты үлгілеу мен бекем ету сынды қызмет түрлері пайда бола бастаған. Оның алғашқы келушілері өте қатал түрде әдемілік пен мінсіздікті талап ететін кино әртістер болды.

Свелана Верцанова 3 жылдан бері тырнақты сәндеумен айналысады. Қызығушылық танытқан қыз алғашында тек құрбыларының тырнақтарын сәндеп кқру үшін жазылады. Алайда бұл қызығушылықтың соңы өмірлік мамандыққа айналыпты.

Бүгінде ол нэилистилист. Мұндай атаумен тырнақты өте әдемі кейіпке келтіретін мамандарды атайды. Света тырнақты жасанды өсірудің оңай емес және ұзақ уақытты талап ететіндігін айтады.

 Света, нэилстилист:

Мұны дәрігерлердің де жұмысымен де салыстыруға болады. Өйткені түрлі құрылғылармен клиентке қауіп төндіруің мүмкін. Мұның барлығы маманнның шеберлігіне байланысты. Егер тәжірибе аз болса, қиындық туғызуы мүмкін.

Тырнақты жасанды өсіру процесі 2-3 сағат уақытты алады. Көбіне жұмыс акрильді гельдің көмегімен жасалады. Жасанды өсірудің екі әдісі бар, біріншісі – типсы жапсыру, екіншісі – пішін жасау.

Света, нэилстилист:

Өзінің тырнағының пішініне көңілі толмайтын кез келген қыз-келіншек жасанды тырнақ өсіреді. Әрі ол әр адамның талғамына сай жасалынады.  Алайда бұл екі әдістің бір-бірінен артықшылығы немесе кемшілігі жоқ. Тек жапсырманы көбіне тырнағының көлемі үлкен қыздар жасатса, пішін жасатуға тырнағы жіңішкелер талпынады.

Ал дизайн жасаудың негізгі  түрі бар. Аквариумды, френч және мөлдір дизайн.

Света, нэилстилист:

Мөлдір дизайнды тырнақ өсіру кезінде акрильдің тек бір түрі қолданылады. Бұл ең ыңғайлы әрі оңай әдіс болып табылады. Ал французша тырнақ өсіру мен френчте акрильдің екі түрі: ал қызыл жылтыр мен ақ немесе өзге де түстерді пайдалануға болады.

Ханум Мамедованың жасанды тырнақтармен жүргеніне бір жылдан астам уақыт өтіпті. Бұған дейін түрлі пішіндерді жасатып көрген ол енді стилетке тоқтапты.

Ханум Мамедова:

Менің ойымша, тырнақ ұзын болған сайын әдемі көрінеді. Мен тырнақ өсірудің қай түрін жасатсам да, маған оның ешқандай кедергісі жоқ. Тамақ та дайындаймын, кір де жуамын. Есесіне үнемі тырнақтарымды сәндеп, әбігерге түспеймін.

Қолға қарап адамның барлық жай-күйін, денсаулығын, жұмысы мен күтімін аңғаруға болады. Сондықтан тырнақ ұзын немесе қысқа болсын, ең бастысы әдемі кейіпте болсын. Егер сән әлемінен қалмайын десеңіз, күлгін және көкшіл түсті бояу жағыңыз. Бұл- биылғы жылдың таңдауы.