Жеке сәйкестендіру нөмірін алу мерзімі ұзартылды

244

Жеке куәлік, төлқұжаттарда азамат жайлы мәліметтерді көрсететін 12 санды жеке сәйкестендіру нөмірін алу мерзімі 2012 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл құжат қазіргі таңда сенатта қаралуда. Тағы бір ескеретін жәйт ағымдағы жылдың 13-ші шілдесінен кейін ЖСН-і жоқ құжаттар бойынша жәрдем, зейнетақылар берілмейтін болады.

Қажымұрат Маханбетов, ІІД көші-қон полициясы басқармасына қарасты халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы: «12 санды жеке сәйкестендіру нөмірлері бар құжаттарды жылдам дайындау үшін азамат қосымша төлем жасайды. Ол құжаттың дайындалу мерзіміне байланысты.Жеке сәйкестендіру нөмірімен жаңа куәліктерді алуда жайбасарлыққа салынбай, өз уақытыңызды тиімді пайдаланып, халықты құжаттандыру бөліміне келіңіздер».

Бұл жаңалықты естіген Наталья Мұсаева төлқұжат рәсімдеуді ұзаққа қалдырмай орталыққа тез арада жетіпті.Шілдеге дейін уақыт бар. Бастысы ол үшін қосымша төлемдер де жасамайтынына тұрғын риза.

Шымкент қаласының тұрғыны Наталья Мұсаева: «Жаңа төлқұжат рәсімдеуге бүгін келіп едім, кезекте тұрмадым. Қыздар тез арада құжаттарды рәсімдеді. Жылдың аяғында келгенде мұнда адам толы болатын».