Бәйдібекте боран бет қаратпай тұр

ОҚО Бәйдібек ауданында бір апта болған күшті бораннан елді мекендердегі үйлер қардың астында қалды. Табиғаттың тосын мінензінен Шақпақ, Бестоғай және Жаңаталап ауылының тұрғындары да әбігерге түсіп жатыр. Бес күн бойы қар құрсауында қалған халыққа үш күннен бері көмек көрсетілуде.

Солтүстік шығыстан батысқа соққан Арыстанды Қарабастың желі бес күн бойы тоқтамаған. Салдарынан Бәйдібек ауданына қарасты Шақпақ ауылының елу шақты үйін қар басып қалды. Ал қардың биіктігі кеи жерлерде бес метрге дейін жетіп отыр.

Тұрғындардың қора қопсылары мен үйлері қалың қардан көрінбеи қалған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тұрғындар қорадағы малдарын қолдан келгенше аман алып қалуға тырысып бағуда. Аптаға жуық соққан көк түтек боран басылған соң ауданнан көмек келіп жетті.