Мәделі Қожа және Дулати көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды

430

Шымкент қаласындағы Мәделі Қожа және Дулати көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Таңғы сағат 7-лер шамасында 74-бағыттағы автобус пен 102-газель көлігі соқтығысқан.

Нәтижесінде қос көліктің жүргізушілері мен кондукторлары зардап шекті. Яғни, 4 адам. Автобус жүргізушісі аяғын жарақаттап алған. Қалғандарының жарақаты ауырлау болып тұр.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, апаттың орын алуына автобустың жүргізушісі кінәлі. Жол апатының себеп-салдарын енді жол полиция қызметкерлері анықтайтын болады.